Главная
Новости
05.09.2019 Қаржы, экономика және өмір ғылымдары саласындағы кері есептер талқыланды
2019 жылдың 31 тамыз - 4 қыркүйек аралығында Алматы қаласында Қазақстанның алдыңғы қатарлы ұлттық ЖОО-ы - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Қаржы, экономика және өмір ғылымдары саласындағы кері есептер» тақырыбында халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
Аталмыш конференция 2013 жылдан бері жас ғалымдардың Халықаралық мектеп-семинары ретінде өткізіліп келді. Бұл конференция қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелерге: қаржы, экономика және өмір ғылымдары саласындағы кері есептерге арналды. Математикалық әдістер мен интернетте қолданыс арқасында қаржы саласы үлкен маңызға ие болып отыр. Қаржы нарығы да жылдам дамып өзгеріп, оларды талдау және бағдарлаудың жаңа математикалық әдістері пайда болуда. Әлемдік экономика көзді ашып-жұмғанша сандық форматқа көшуде. Бұл компанияларды басқаруға да, нарық талдауына да, тауар өндірісіне де қатысты. Өмір туралы ғылымдарда суперкомпьютерлік есептеулердің қолданылуымен ғаламдық өзгерістер құлаш жайып келеді.
Бұлтты есептеулер арқылы қашықтықтан кеңес беру, диагностика жасау, тіпті күрделі ота жасау мүмкіндігі туады. ДНҚ, иммундық жүйе мен ағза тіршілігінің барлық негізгі көрсеткіштерін компьютерлік талдау ауру симптомдарын емдеуден оларды болжауға және алдын-алуға мүмкіндік береді.
Конференцияға РҒА СБ есептеу математикасы және математикалық геофизика институтының (Ресей), Новосібір мемлекеттік университетінің (Ресей), РҒА Орал бөлімі Н.Н.Красовский атындағы математика және механика институтының (Ресей), Шанхай қаржы және экономика университеті (ҚХР), Фудан университеті (ҚХР), Тяньжинь қаржы және экономика университетінің (Қытай), Оңтүстік-шығыс университетінің (Нанкин қ., ҚХР), Ош Технологиялық университетінің (Қырғызстан) және т.б. елдердің ғалымдары қатысты.
Конференция нәтижелі өтті, отандық және шетелдік ғалымдар өзара пікір, тәжірибе алмасты.
|