Главная /
СМИ о нас
06.09.2019 Университет ұжымы Президенттің жолдауын ризашылықпен қабылдады
Дүйсенбі күні, 2 қыркүйекте ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы алғашқы Жолдауы тыңдалды. Ол ел дамуының негізгі бағдарламалық құжаты болып табылады. Абай атындағы ҚазҰПУ ұжымы Елбасының бұл үндеуіне үлкен қызығушылық танытты.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында жүктелген міндеттер біздің университеттің болашақ қызметіне бағдар болады деп күтілуде.
Жолдаудың «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» бөлімінде білім беру сапасын арттыру және еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесін әзірлеу, мамандарды даярлаудың отандық жүйесін жетілдіру, оқушылардың қабілеттерін анықтауға негізделген кәсіптік бағдар беру саясатына көшу сияқты басымдықтарға ерекше көңіл бөлінді. Бұл саясат орта білім берудің ұлттық стандартының негізін құрауы керек. Техникалық мамандарды сапалы даярлауды кеңейту, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы орта білім сапасындағы алшақтықты азайту, ауылдық жерлерде білікті мұғалімдердің жетіспеуін азайту, «Дипломмен - ауылға» бағдарламасының аясын кеңейту, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыру және осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 млрд. теңгеге дейін арттыру керек екенін айтты. Дарынды ауыл жастарын іріктеу және оны отандық және шетелдік университеттерде оқуға дайындау, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды қолдау бойынша Жол картасын әзірлеу қажеттілігі атап көрсетілді.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 06.09.2019 ж. Ақпарат көзі: qazaq1913.com
|