қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
27.09.2019

Алматы қаласы Полиция департаменті қызметкерлерімен кездесу өтті


2019 жылдың 25 қыркүйегінде Тарих және құқық институты «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен 1-ші және 4-ші курс студенттері Алматы қаласы Полиция департаменті қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында 1-ші курс студенттері заңгер мамандықтарын дұрыс таңдағандықтарына көз жеткізді. Студенттер өздерін болашақ заңгер ретінде дамыту жолдарын, орын алған кез-келген қылмыстық, азаматтық-құқықтық, еңбек және басқа да мәселелерді шешу жолдары туралы мол мағұлматтар алды. Сонымен қатар, 4-ші курс студенттері үшін бұл кездесу жұмысқа орналасу, әсіресе полиция қатарында қызмет көрсету тұрғысынан пайдалы болды.


Полиция қызметі-мемлекеттік қызметтің арнайы түрі екендігі, полиция қатарына жоғары білімі бар, әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында оқыған, тиісті әскери дайындықтан өткен азаматтар жұмысқа қабылданатындығы жөнінде ақпараттар берілді.


Қазіргі таңда Алматы қаласының Полиция департаменті тергеуші, анықтаушы, жедел уәкіл, полиция учаскелік инспекторы, инспектор, полицей, техник бос лауазым орындарына қабылдауды жариялайтындығын ескертіп, «Құқықтану» мамандығының түлектерін жұмысқа қуана қабылдайтындықтарын айтты.

 

   

 

  

 

 

Құқықтану кафедрасы