қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
09.10.2019

Өзекті мәселелер екшелді

 


 

Президент Қ.Тоқаев өз Жолдауында ел дамуының осы үрдісін одан әрі жалғастыру үшін әлем мойындаған Назарбаев моделін жалғастыруды ұсынды. «Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мо­йындап, қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады. Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр», деді ол.

 

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Үкімет мүшелеріне мемлекеттік ор­гандар мен өңірлердің, мемле­кеттік компаниялардың және ме­ке­мелердің басшыларына тиіс­ті реформаларды жүзеге асыру үшін дербес жауапкершілік жүк­телетінін мәлімдеді. Сондай-ақ реформаны тек реформа үшін жүр­гізуге жол берілмейтінін, әр­бір министрде және әрбір әкім­де нәтижелі жұмыстың негіз­гі көрсеткіштерінің тізімі болуы тиіс екенін ескертті. Шикі­зат­қа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртарап­тандыру қажеттігін, «Білім экономикасы», еңбек өнімділігін арт­тыру, инновацияны дамыту, жан­ды интеллектіні жаһандық да­мудың негізгі факторына айналдыру керектігін назарға салды.

 

Әлем назарын аударған ал­қалы жиында елдің көкейінде жүрген көптеген өзекті мәселелер туралы ой сарапталды. Әсіресе жердің шетелдіктерге сатылмайтыны туралы Президенттің нақты ойы көпшіліктің көңілінен шықты. Бірақ әрбір гектар жер­дің тиімді пайдаланылуы талап етіледі. Президенттің қазақ халқының мемлекет құру­шы ұлт ретіндегі рөлін бекем­деу, этносаралық татулық пен дінара­лық түсіністікті одан әрі дамыту, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін күшейтіп, ұлт­аралық қатынас тіліне айналдыру, Конституцияға сәй­кес, азаматтар өз ойларын еркін білдіру құқығына ие болу үшін митингілер туралы заңнаманы жетілдіру қажеттігі туралы айт­қандары да көкейдегі көп ойды дөп басып отыр.

 

Адамдарда мейірім мен қайы­рым азайып тұрған бүгінгі әлемде біздің елімізде де есірткі саудасы, педофилия, жыныстық зорлық, әйелдер мен балаларға, жеке тұлғаларға қатысты жасалатын ауыр қылмыстар бой көрсетіп отыр­ғаны белгілі. Жол­дауда осындай қылмыстарға қар­сы қолданылатын жазалау шараларын қатаңдату туралы мәселе көтеріліп, Үкіметке бұл жөнінде тапсырма берілуі өте орынды іс болды деп білеміз.

 

Мемлекет басшысының Жол­дауы­н­да білім саласына қатыс­ты бірқатар өзекті мәселе­лер сөз болды. Әсіресе орта және кәсіптік білім беру сапасын арттыруға айрықша назар аударды. Ауыл мен қала мектеп­тері арасындағы алшақтық әлі де үлкен, ауыл мектептерінде мұ­ғалім кадрлары жетіспейді. Жы­лына орта есеппен еліміз бойынша 21 мың мектеп бітіруші оқуға түсе алмай қалады. Не кәсібі, не жұмысы жоқ бала бұзақылыққа бармай қайтеді. Осыған байланыс­ты Президент мектеп бітір­ген түлектерді кәсіпке баулу мәселесін сөз етті. Сондай-ақ ауыл мектебін бітірген жастарды шетелдерде немесе еліміздің бел­ді оқу орындарына түсуге да­йын­дауды ұсынды. Мектеп оқу­лық­тарының сапасы төмен. Бұл мәселені Білім және ғылым ми­нистр­лігі шешуі керек, деді Президент.

 

Шын мәнінде де жоғары бі­лім беру саласында да қор­да­ланған мәселелер бар. Универси­тет тү­лектерін жұмысқа орналас­тырудың орташа көрсеткіші 60 пайыздан аспауда. Бұл ойландыратын мәселе. Жоғары оқу орындарындағы маман даярлау сапасы сын көтермейтінін айта келіп бәсекеге төтеп бере алмайтын білім ордаларын қысқарту керек дегенді ескертті. Сондай-ақ мұғалім мәртебесін көтеру туралы арнайы заң қабылданып жатқанын, алдағы үш жылда олардың жалақысы 2 есе өсетінін айтты. Президент Қазақстан ғы­лы­мын дамытуға байланысты да өз ойларын ортаға салды.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті­нің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері және бар­лық студенттері Президент Жол­дауын телеарналар мен әлеуметтік желі­лерден бірге тыңдап, өзара ой бөлісті. Олар Жолдауда ел­дің көкейінде көптен жүрген өзекті мәсе­ле­лердің қамтылуын бір ауыз­дан қолдады. «Қазақстан - ор­тақ шаңырағымыз! Мен бәріңіз­ді мерейлі мекенімізді өркен­детуге үлес қосуға шақы­рамын! Сын­дарлы қоғамдық диалог - татулық пен тұрақтылықтың негізі», деген Мемлекет басшы­сының жүрек­жар­ды сөзі жігері­мізге жігер қосуда.

 

 

Авторы: Такир Балықбаев,

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, профессор

09.10.2019 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz