қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
10.10.2019

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 2018-2025 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарымен таныстыру


2019 жылдың 10 қазанында Тарих және құқық институтында 2019/2020 оқу жылында «5В013000-Тарих және дінтану» мамандығына оқуға түскен 1-курс және 2-курс студенттеріне Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 2018-2025 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарының таныстырылымы өтті. Стратегиялық жоспарды институт директорының орынбасарлары М.Муратказин мен Н.Манапбаев таныстырды.

 

Бүгінгі таңда университетіміздің басты бағыты болып табылатын тұтынушылық құндылықтардың маңыздылығы туралы айта келе, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Муратказин стратегиялық даму жоспарының құрылымы туралы айтып, университеттің басты міндеттерінің бірі - қазіргі бәсекелестік ортада нарықтық талаптарға жауап беретін мамандарды даярлау, ТМД-дағы ХХІ ғасырдың университеттері арасында көшбасшы атану екенін атап өтті.

 

Таныстыру барысында 2018-2025 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарының мақсат-міндеттерімен таныстырылып, стратегияның мазмұны бойынша ақпарат беріліп, онда көтерілген мәселелер жөнінде кеңінен баяндады. Әсіресе университеттің контингентін арттыру, білім алушыларды қызықтыратын жаңа білім беру бағдарламаларын дайындау, академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде басқа ЖОО-да білім алмасу, қос дипломды бағдарламалар жөнінде айтылды.

 

   

 

   

 

   

 

Тарих және құқық институты