қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
11.10.2019

ӨМжСИ-дің 50 жылдығына орай мерейлі іс-шаралар өткізілді


2019 жылы 9 қазан күні Өнер, мәдениет және спорт институтының 50 жылдығы аясында Түркия, Ресей, Қытай және т.б шетелден келген делигациялар, бітіруші түлектер мен қонақтар, «Көркем білім» кафедрасының ПОҚ, студенттердің қатысуымен кең ауқымдағы бір қатар іс-шаралар өткізілді.


Сағат 10.00-де Өнер, мәдениет және спорт институтының «Жасампаз» сурет көрмесінде аталмыш институттан білім мен өнер нәріне сусындаған түлектердің шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрменің ашылу салтанатында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқу ісі жөніндегі проректор Асан Сәтмырзаев, Мәскеу педагогикалық мемелекеттік университеті «Көркемөнер тарихы, мәдениеті және әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі Станислав Ломов, «Сәндік қолөнер және дизайн» кафедрасының меңгерушісі Валерий Корешков (Мәскеу) құттықтау лебіздерін білдірді. Сонымен қатар түлектер мерейтойлық арнайы төсбелгілерімен марапатталды.


Сонымен қатар, сағат 12.00-де «Көркем білім» кафедрасындағы 506 шеберханаға ҚазПИ-дың Көркемсурет-графикалық факультетінің деканы қызметін атқарған, КСРО СО және ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Абай атындағы ҚазПИ-дың профессоры В.Ф.Власюк атындағы «КЕСКІНДЕМЕ КАБИНЕТІ»-нің ашылу салтанаты өткізілді. В.Ф.Власюк атындағы шеберханада оның өмірбаяны, атқарған қызметі, ғылыми және шығармашылық жұмыстары туралы ақпараттар оның шығармашылық жұмыстарының көшірмелері қойылды. Көрмедегі танымал тұлғалардың шығармашылық жұмыстары білімгерлерге шабыт берері анық.


Сондай-ақ, Нижневартовск мемелекеттік университетінің мерейтойға арналған шығармашылық көрмесінің ашылу салтанатында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева, Нижневартовск мемелекеттік университетінің ғылыми істер жөніндегі проректоры Бүркіт Махмудов, Омбы мемелекеттік педагогикалық университеті «Өнер» факультетінің директоры Леонид Медведев (Ресей), Ханьшань университетіндегі өнер институтының директоры Лю Цзяньчжао сөз сөйлеп, көрмені ашып берді. Көрмеде ұсынылған шығармашылық туындылар көптің көңілінен шығып, қатысушылар өз тарапынан жылы лебіздерін білдірді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

«Көркем білім» кафедрасы