қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
18.10.2019

Талдықорған қаласында Рухани келісім күніне арналған II аймақтық форум өтті

 

2019 жылғы 17 қазанда Талдықорғанда Рухани келісім күніне арналған «Зайырлы қоғам: дін мен дәстүр ұштастығы» тақырыбында дінтанушылар мен діни бірлестік жетекшілерінің II аймақтық форумы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Марат Әзілханов қатысты. Ол аталған мерекенің еліміздің барлық халқының бірлігі үшін маңызды екенін атап өтті.

 

Форумда этносаралық және конфессияаралық қатынастардың өрістеуіне, адамзаттың рухани дамуына қатысты маңызды мәселелер қаралды. Елдегі діни ахуалға талдау жасалып, қоғамда, әсіресе жастар арасында, радикалды ағымдардың таралу мәселелері талқыланды.

 

Қазақстанда 27 жыл бойы Рухани келісім күні атап өтілуде. Ол 1992 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген мереке. Шараға қатысушылар біздің елімізде тұратын 18 конфессияның өкілдері бірліктің, достық пен келісімнің ерекше үлгісін көрсетіп отырғанын атап өтті. Біздің мемлекетімізде барлық діндерді тұтынатын 130-дан астам ұлт өкілдері арасындағы татулықты сақтау мен нығайтудың бай тәжірибесі бар. Мұны тағы бір рет фотокөрме, «Дін - халық бірлігінің рухани негізі» көркемөнер көрмесі және осы маңызды шараның аясында өткізілген тақырыптық бейнефильмді көрсету тағы бір дәлелдеді.

 

Форумға облыс және Алматы қаласы әкімдіктерінің, «Нұр Отан» партиясының, Қазақстан халқы Ассамблеясының және облыстық ардагерлер кеңесінің, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Университетіміздің Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, PhD докторант Руслан Сейітқазиев біздің оқу орнымыздың жетістіктерін ортаға салды.