қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
29.10.2019

Студенттік ректорат жастарды қолдайды және университеттің ашықтық саясатын дамытады


Студенттік ректорат 2018 жылы Абай университетінің ректоры Такир Балықбаевтың қолдауымен құрылды. Жақында өзін-өзі басқару жөніндегі жастар ұйымының студенттері университет ректорымен кездесіп, жобаның бір жылғы есебімен таныстырды.

 

Кездесу 28 қазан күні ашық диалог форматында өтті. Белсенді студенттер жастардың маңызды сауалдарын атап өтіп, Студенттік ректораттың жұмысын одан ары жақсарту мақсатында ұсыныстар берді. Аталған мәселелер студенттердің білім сапасын анықтау, зияткерлік және рухани дамуын қолдау, жастардың әлеуметтік-мәдени белсенділігін дамыту және т.б. тақырыптарды қамтыды.

 

Такир Балықбаев студенттердің белсенді жұмысын жоғары бағалап, Студенттік ректорат университеттің ашықтық саясатын кеңейтуіне және жастардың жан-жақты дамуына серпін беретінін атап өтті.

 

Белсенді жастардың қатарына қосыламын десеңіз, 20 қараша күні Студенттік ректораттқа ашық сайлауға келіңіз.