Главная
Новости
27.11.2019 Нұр-Сұлтанда PR-мамандарға арналған семинар өтті
2019 жылғы 22 қарашада Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволық ұйымдары мен оқу орындарының баспасөз хатшыларына арналған семинар-тренинг өтті. Оған Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысының орынбасары Римма Жанбаева қатысты.
Іс-шараның мақсаты - қазіргі заманғы баспасөз қызметінің функциялары мен жұмыс әдістері, сонымен қатар әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен неғұрлым тиімді өзара әрекеттесудің жолдары туралы түсінік қалыптастыру.
Блогерлер мен семинарға қатысушылар әлеуметтік медианың негізгі тенденцияларын, интернеттегі жеке және корпоративтік аккаунттарды жүргізу бойынша ұсыныстар мен кеңестерді, оқылатын пост жазу тәсілдерін талқылады, сонымен қатар блогерлер контентті құру тәжірибелерімен бөлісті. Әлеуметтік желілердің қызметі, негативті ақпараттар және оның қоғамдық санаға әсері мәселелеріне ерекше назар аударылды. Дағдарыстық жағдайлар туындаған кездегі іс-шараларға арналған ұсыныстар жиынтығы үлкен қызығушылық тудырды.
Танымал блогерлер, медиа жаттықтырушы Яков Федоров және Өркен Кенжебек семинар қатысушыларына әлеуметтік желілерде қалай тиімді жұмыс жасау керектігі туралы және жағымсыз пікірлерге қалай жауап беру керектігі туралы кеңестер берді. Танымал блогерлер өздерінің жұмыс тәжірибелерімен және көтерілген мәселелер бойынша пікірлерімен бөлісті. Әр түрлі ақпараттық материалдардың мысалдары ұсынылды және олардың әлеуметтік желілерде таралуына талдау жасалды.
Сонымен, қоғаммен байланыс қызметінің өкілдері үшін өздерінің кәсіби идеяларын алға жылжытатын және тәжірибе алмасатын алаң пайда болды. Мұндай деңгейдегі іс-шаралар сирек кездеседі, сондықтан семинарға қатысушылардың барлығы ұйымдастырушылар мен блогерлерге жұмыстары үшін шын жүректен алғыс айтты.
Семинар соңында Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс айтты. Мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, ол осы сала өкілдерін өз мекемелерінің қызметінің ашықтығы мен айқындылығын барынша арттыруға шақырды.
Семинарға қатысушыларға сертификаттар табысталды.
|