қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
28.11.2019

«Ақынмын сөзі жетер сан ғасырға...»
қалалық жас ақындар айтысы


2019 жылдың 20-21 қараша күндері Жастар жылы аясында университетіміздің түлегі, айтыскер ақын Оразалы Досбосыновтың туған күніне орай «Ақынмын сөзі жетер сан ғасырға» қалалық жас ақындар айтысы өтті. Өнер додасына Алматы қаласының 5 іргелі жоғары оқу орыннан 20-дан астам ақын қатысып, бақ сынасты.


Ақындардың өнерін әділ бағалу үшінақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман, айтыскер ақын, Қазақстанның мәдениет қайраткері Серік Қалиев, айтыскер ақын, Қазақстанның мәдениет қайраткері Аслан Ғафуров, «Балдырған» журналының бас редакторы, Оразалы Досбосыновтың ұстазы Дүйсен Мүсірәлі, айтыскер ақын, Қазақ радиосы, Алматы студиясының директоры Бақыт Жағыпар, университетіміздің профессоры, айтыс зерттеушісі Темірхан Тебегенов қазылықетті.


Шара аясында университет ректоры Такир Балықбаев және айтыстың тәуелсіз төрешісі Жүрсін Ерман Оразалы Досбосыновтың 13 айтысы жинақталған «Құлмамбеттің құлыны» айтыстар жинағының тұсауын кесті.


Ақтық кезеңнің қорытындысы бойынша: университетіміздің студенті Қазыбек Жеңісхан «Оразалы Досбосынов» арнайы сыйлығына ие болып, 30 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық және университет ректорының грамотасымен марапатталды. ІІІ жүлделі орынды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Бекжан Базарбек жеңіп алып, 50 000 теңге ақшалай сыйлық және арнайы дипломмен марапатталды. Университетіміздің студенті Нұрданбек Жасар ІІ орынға ие болып, 100 000 теңге ақшалай сыйлық және арнайы дипломмен марапатталды. Жүлделі І орынды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетітінің студенті Нұрбол Жауынбаев жеңіп алып, 150 000 теңге ақшалай сыйлық пен арнайы дипломмен марапатталды. Университетіміздің студенті Жәмәли Айбын Бас жүлдеге ие болып, 200 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық және арнайы дипломмен марапатталды. Одан бөлек, университетіміздің студентіАйдана Қайсарбек меценат, айтыс жанашыры Таңат Кемелханның арнайы жүлдесіне ие болды. Сонымен қатар, «Балдырған» журналының бас редакторы, Оразалы Досбосыновтың ұстазы Дүйсен Мүсірәлі университетіміздің студенті, 2-ші орны иегері Жасар Нұрданбекке арнайы сыйлық ретінде Тұманбай Молдағалиев шығармаларының 25 томдық жинағын тарту етті.


Шара соңында университет ректоры Такир Балықбаев барлық жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтап, барша ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, аталмыш айтыс алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасын табатындығын атап өтті.


Айта кететін жайт, білім ордамыздың атынан айтысқа қатысып, жүлделерге ие болған жас ақындарымыз былтырғы жылы университет жанынан ашылған «Оразалы Досбосынов» атындағы жас айтыс ақындар орталығында даярланған. Айтыс өнерін жаңғыртуға үлес қосып жатқан жас ақындарымыздың қатары көбеюі біз үшін үлкен мәртебе.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты жөніндегі департамент