қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
05.04.2011

2011 жылғы  29 наурызда  сағат 15.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық  университетінде  үздік оқитын, әлеуметтік жағынан нашар қамтылған, көп  балалы отбасыларынан шыққан  студенттерге қосымша мемлекеттік грант тапсыруға арналған  салтанатты іс-шара  өткізілді.  Оқу жылының басында   930 студент  тегін оқу грантына  ие болса,  қазір оған  тағы 104 студент  қосылып отыр. Грант иелерін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогимкалық университетінің ректоры, профессор С.Ж.Пірәлиев құттықтады.

Студенттерге  қосымша білім гранттарын бөлу Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанда Білім беру жүйесін қолдау, көтермелеу, халықаралық инновациялық технологияларды кеңінен игере отырып, әлемдік білім кеңістігіне  ену жөніндегі  сара саясатының  жарқын көрінісі  болып табылады.

Салтанатты жиынға  Алматы қалалық  әкімшілігі мен қалалық  Білім департаментінің өкілдері, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессор-оқытушылары, студенттері, бұқаралық  ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.