қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
05.02.2013

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

 

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде 2013 жылдың 24-26 сәуір аралығында  дәстүрлі «Шоқан тағылымы-17»  Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.

Конференцияда келесідей секциялар мен секциялық бөлімдерінде қазіргі заманғы ғылымның түрлі салаларының көкейкесті мәселелері қарастырылады:

 

1.      Шоқантану;

2.      Тарих, география және этнология;

3.      Философия, саясаттану және әлеуметтану;

4.      Жалпы педагогика

5.      Психология;

6.      Жаратылыстану және қолданбалы  ғылымдар:

6.1.            физика және ФОӘ

6.2.            математика және МОӘ

6.3.            информатика және ИОӘ

6.4.            химия және ХОӘ

6.5.            биология және БОӘ

7.      Филология:

7.1.            қазақ тілі;

7.2.            орыс тілі;

7.3.            шетел тілі.

8.      Өнертану;

9.      Экономика:

9.1.            Салалар экономикасы;

9.2.            Қаржы және несие;

9.3.            Экономикалық ілім және кәсіпкерлік;

9.4.            Ауыл шаруашылық ғылымдары

10.  Техникалық ғылымдар

11.  Медицина

12.  Заң және құқық

13.  Экология және табиғатты қорғау.

14.  Туризм және спорт

 

Конференция материалдары ғылыми жинақ түрінде жарық көреді. 2013 жылдың 15 наурызына  дейін ұйымдастыру комитетініңvalihan-17@mail.ru электрондық мекен-жайына мақала мәтінін (файл атауы:  секция №    мақаланың бірінші авторының тегі; мысалы: 1.2._ Бакенеев_ мақала); мақаланы жариялау туралы  өтінім (файл атауы:  секция № өтінімнің бірінші авторының тегі: мысалы: 1.2._ Бакенеев_ өтінім) жіберулеріңізді сұраймыз.

Баяндаманы дайындау барысында авторлардың келесі ережелерді басшылыққа алуын сұраймыз.  Толық  4 параққа дейінгі баяндама мәтіні 2 данада Winword мәтіндік редакторында терілуі тиіс, RTF форматы, Times New Roman шрифті, жоларалық интервал - 1, әріп өлшемі - 14, барлық шеттері - 20 мм.Атауының ресімделуі: МАҚАЛА АТАУЫ (қою сиялы бас әріптермен, жолдың ортасына); бір жолдан соң (ортасы бойынша тегістеу) автордың аты мен әкесінің атының бас әріптері; келесі жолда (ортасы бойынша тегістеу) - ЖОО, қала атауы; келесі жолда (ортасы бойынша тегістеу) - E-mail байланыс үшін; 1 жолдан соң - мақала мәтіні.

Ресімдеу мысалы:

Ш.УӘЛИХАНОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ  ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Бакенеев А.М.

Көкшетау қ.  Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетаумемлекеттік университеті  

bakeneev_a@mail.ru

 

Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін

Әдебиеттердің сілтемесі мәтінде келтіріледі: тік бұрышты жақшада әдебиеттер тізіміндегі номері және беті, мысалы: [1: 25]. Әдебиеттер тізімі («Әдебиеттер» атауымен) мақаланың соңында дәйексөз реті бойынша келтіріледі.

Ғылыми дәрежесі жоқ авторлар мақалаларына ғылым кандидаты немесе докторының қолы қойылған рецензияны (сканерленген түрде; jpg формат) қоса ұсынсын.

Көрсетілген мерзімнен кеш берілген материалдар немесе талаптарға сәйкес толтырылмаған материалдар қарастырылмайды және кері қайтарылмайды.  Көрсетілген мерзімге дейін жіберілген материалдар ұйымдастыру комитетімен қарастырылады, қойылған талаптарға  сәйкес келген жағдайда, Сізге шақыру жіберіледі. Ақы тек шақыру  алғаннан кейін ғана төленеді. Төлем құжатының көшірмесі valihan-17@mail.ru. электрондық мекенжайына жіберіледі. Студенттік жұмыстар қарастырылмайды.  

Конференцияға қатысушылар үшін төленетін ұйымдастыру жарнасы 3000 теңге ақыны университеттің  мекен-жайына ««Шоқан тағылымы-17» конференцияға қатысу үшін» деген белгісімен пошта арқылы салып жіберулеріңізді өтінеміз.  Көкшетау қаласы, «Цеснабанк» АҚ филиалы, TSESKZKA, РНН 361800022370, БИН 960840000681, ИИК KZ61998JTB0000118553 ШЖҚ РМК  «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемелекеттік университеті» ).

Конференцияға келумен байланысты шығындар қатысушылар мен жіберуші ұйымдар тарапы есебінен жүзеге асырылады.

Ұйымдастырушы: Ш.Уәлиханов Көкшетау мемлекеттік университетінің Ғылым орталығы.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Абай көшесі, 76, РБ бөлім /127 бөлме/, Мансуров Қанат Жүсіпұлына.      

Анықтама телефоны (7162) 402347. Факс (7162) 25-55-83. E-mail: valihan-17@mail.ru   

Ұйымдастыру комитетімен хат алмасу тек жоғарыда көрсетілген электрондық мекен-жай бойынша жүзеге асырылады.

Конференцияға қатысу үшін берілетін өтінім нысаны