қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
05.04.2019

Мамандықты қалай таңдаймын?

 

10 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Ғылым декадасы-2019» онкүндігі аясында Тарих және құқық институтының профессор-оқытушылары мен «5В030100-Құқықтану» мамандығының студенттері Алматы қаласының мектептері мен лицейлерінің 10-11 сынып оқушыларымен «Мамандықты қалай таңдаймын?» тақырыбында кездесу өткізеді.

 

Іс-шараның мақсаты - оқушылардың интеллектуалдық потенциалын қалыптастыруға жағдай жасай отырып, ғылыми-танымдық әлеуетіне, шығармашылық қабілеттеріне қарай мамандық таңдауына ықпал ету болып табылады.

 

Ұйымдастырушы: Тарих және құқық институты

 

Өткізілетін уақыты: 10 сәуір 2019 жыл, басталуы сағат 10.00, аяқталуы 13.00.


Өткізілетін орны: Жамбыл көшесі, 25, Тарих және құқық институты, №10 оқу ғимаратының конференц залы (2-этаж).