қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
23.05.2022

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын автоматтандырылған диагностикалауға арналған цифрлық платформаның архитектурасы талқыланды

 

2022 жылғы 20 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Оқытушылық шеберлік орталығы мен Татарстан Республикасы мұғалімдерінің үздіксіз біліктілігін арттыру орталығы, Қазан федералды университетінің қатысуымен «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын диагностикалаудың автоматтандырылған сандық платформасының архитектурасы» тақырыбында онлайн режимінде кездесу өтті.

 

Модераторлар: Данияр Есенұлы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Оқытушылық шеберлік орталығының директордың орынбасары, Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі. https://kaznpu.kz/ru/2407/page/. Раис Шайхелисламов - Татарстан Республикасы мұғалімдерінің үздіксіз біліктілігін арттыру орталығының басшысы. https://kpfu.ru/Rais.Shajhelislamov

 

Онлайн кездесу мынадай бағыттарда ұйымдастырылды:

1. «Құрылымды модельдеу, платформа элементтерінің функционалдық мақсатын сипаттау» бағытында - Раис Шайхелисламов, экономика ғылымдарының докторы, профессор - «Функционалдық сауаттылықты дамытудың ғылыми-әдістемелік зертханасының қызметін ұйымдастыру»; Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы: Лариса Лебедева, педагогика ғылымдарының кандидаты, Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының доценті «Оқу сауаттылығы»; Татьяна Корнилова, Халықаралық Ақпараттандыру академиясының корреспондент мүшесі - «Халықаралық зерттеулер TIMSS, PIRLS және PISA мектептегі білім беру тиімділігін салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы ретінде»; Лаззат Жазылбек, педагогика ғылымдарының кандидаты, Құқықтану кафедрасының доценті - «Қаржылық сауаттылық» тақырыптарында;

2. «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын диагностикалау процесінде мұғалімнің жеке кабинеті және студенттің жеке кабинеті жүйесіндегі деректермен алмасу тәртібі» бағытында - Лилия Осипова, Қазан федералдық университетінің психология және білім беру институты білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлау Еділ өңіраралық орталығының қашықтықтан білім беру бөлімінің бастығы. «Edu.kpfu.ru платформасында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейін автоматтандырылған диагностикалауды ұйымдастыру»; Акпаева Асель Бакировна, педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының доценті - «Қазақстан Республикасының (мемлекеттік бағдарламалар), оқушылардың функционалдық сауаттылығының даму динамикасын ескере отырып, университеттің студент-педагог кадрларды даярлаудағы тәжірибесі» тақырыбында;

3. «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың ағымдық және қорытынды диагностикасының өзара байланысы» бағытында - Асыл Аренова, педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының профессоры - «Оқушылардың функционалдық сауаттылығының мазмұнын анықтайтын дағдыларды дамыту»; Лейсан Мингалиева, Қазан федералдық университетінің педагогикалық қызметкерлердің кәсіби шеберлігін және біліктілігін бағалау орталығының директоры - «Оқу, математикалық, жаратылыстану және қаржылық сауаттылықты, шығармашылық ойлауды және жаһандық құзыреттіліктерді дамытудың автоматтандырылған диагностикасына арналған тапсырмалар құрылымы» тақыптарында;

4. «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын диагностикалау нәтижелерін кешенді модельдеу» бағытында - Чулпан Шавалеева, Қазан федералдық университетінің психология және білім беру институтының педагогикалық қызметкерлердің үздіксіз біліктілігін арттыру орталығы директорының орынбасары. «Мектеп оқушысының функционалдық сауаттылық деңгейінің ағымдағы және қорытынды диагностикасы және оның жеке оқу траекториясын түзету» тақырыбында;

5. «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың автоматтандырылған диагностикасына арналған кейс тапсырмаларын, тесттерді құрастыру» бағытында - Халитова Ильдана Ильдархановна, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі және Глюся Абдулкаримова, математика, физика және информатика институтының доценті «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың шарты ретінде кейс тапсырмаларын, тесттерді және үдеріс пен оқыту нәтижелерін автоматтандырылған диагностикалау әдістерін әзірлеу» тақыптарында педагогикалық тәжірибелерімен, ғылыми зерттеу нәтижелерімен бөлісті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  



22

Вернуться назад