қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
26.09.2022

Тарихи зерттеулердегі визуалды антропология

 

2022 жылдың 23 қыркүйегінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институтында «XIX - XXI ғ.ғ. басындағы қазақстандық бейнелердің тарихы мен визуалды антропологиясы: эволюциясы мен субъектінің қалыптасуы» (2022 жылдың 16 қарашасындағы № 294 келісім шарт, ЖТН AP08857194, жоба жетекшісі - т.ғ.к., доцент Далаева Т.Т.) ғылыми жобасы аясында «Тарихи зерттеулердегі визуалды антропология: ғылым және медиа кеңістік» халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Баяндамаларды Қазақстан, Қырғызстан, Франция, Ресей, Оңтүстік Корея және Өзбекстан ғалымдары жасады. Конференция аралас форматта: шетелдік және резидент емес қатысушылар үшін онлайн форматында (ZOOM) және Алматыдан келген қатысушылар үшін біріктірілген түрде өтті.

 

Конференцияның мақсаты - ХІХ ғасырдың соңы - XXI ғасыр басындағы қазақ және әлемдік мәдениеттің визуалды дерек көздері бойынша визуалды баяндаулар мен субъектілік алу тәжірибесін тарихи-антропологиялық зерттеу.

 

Конференция барысында тарихи ретроспективада визуалды антропологияның әдістері, сондай-ақ көрнекі антропология әдістерін қазақстандық тарихи-антропологиялық материалдардың жергілікті жүйесіне кіріктіру мәселелері мен перспективалары талқыланды.

 

Конференцияға қатысушылар ұйымдастырушыларға оны өткізгені үшін ризашылықтарын білдіріп, осы бағытта бірлесіп жұмыс істеуге тілектерін білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=