қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
27.09.2022

Профессор А. К. Киклевичтің қорытынды ашық дәрісі

 

2022 жылдың 23 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ-да белгілі поляк ғалымы, филология ғылымдарының докторы, Ольштын қаласындағы Варминск-Мазур университетінің профессоры Александр Киклевичтің «Прецеденттік мәтіндер және семантикалық модификациялар» тақырыбында ашық дәрісі өтті.

 

Профессор А.Киклевичті тыңдауға ғалым-әріптестер, соның ішінде басқа ЖОО-дан келген қонақтар, докторанттар мен магистранттар келді. Профессордың дәрісіне деген жоғары қызығушылық оның ғылыми мәселені зерделеу мен зерттеу әдіс-тәсілдеріне деген ерекше көзқарасына байланысты екенін айтқан жөн.

 

Лингвистика саласындағы өзекті зерттеулер бойынша профессор оқыған дәрістер сериясының соңғы нәтижесі Қазақстанда филология ғылымы саласында сапалы зерттеулердің пайда болуына әкелетін жаңа идеялар болмақ.

 

Сондай-ақ, профессор А.К.Киклевич өткізген Халықаралық профессор-оқытушылардың біліктілігін жетілдіру курстары да аяқталып, тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=