қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
23.01.2023

Спартакиада жеңімпаздары марапатталды

 

2023 жылғы 21 қаңтарда «Спартакиада-2023» спартакиаданың жабылу рәсімі өтті. Шараға университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері қатысты. Шара салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, қалыптастыру және денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.


Спартакиада Қазақстанның мемлекеттік әнұранымен ашылды. Іс-шара барысында университетіміздің Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шынғыс Нұрланов сөз сөйлеп, белсенділік танытқан барлық команда мен ойыншыларға алғысын жеткізді. Жеңімпаз командалар мен үздік ойыншылар Спартакиаданың арнайы кубогымен, дипломмен, ынталандыру сыйлықтарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.Жалпы командалық есепте I-ші орынды Өнер, мәдинет және спорт институты, II-ші орынды Жаратылыстану және география институты, III-ші орынды Математика, физика және информатика институты иеленді.

 

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=