қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
01.02.2023

Шетелдік университеттермен өзара тиімді ынтымақтастық


Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов бастаған Абай университетінің делегациясы Queen Mary University London университетінде болды.


Ұлыбританияға ресми сапар аясында екі тарап арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері бойынша шетелдік университет өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге университетіміздің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Жадыра Байназарова да қатысты.


Кездесудің мақсаты ҚР оқытушыларының құзыретін дамыту бағытындағы университеттердің одан әрі ынтымақтастығын талқылау, халықаралық жобаларды іске асыру, жоғары білім беру саласында екі ел арасында байланыс орнату болды.

 

Кездесу барысында Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов еліміздің педагогикалық білім беру флагманының қызметі мен жетістіктері туралы егжей-тегжейлі айтып, біздің университет еліміздің және бүкіл әлемнің оқу орындарымен ынтымақтастыққа ашық екенін атап өтті.Әріптестікті нығайту бойынша келіссөздер жүргізіліп, білім беру және салалық мамандарды даярлау саласындағы бірқатар мәселелер талқыланды. 


Қазіргі уақытта Абай атындағы ҚазҰПУ ынтымақтастық аясында университеттің қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамын «500 ғалым» жобасы бойынша Queen Mary University London университетіне ғылыми тағылымдамаға жіберуді жоспарлап отыр.

 

  alt=

 

Қоғаммен байланыс департаменті