қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
28.02.2023

Тоғызқұмалақтан өткен жарыстың қорытындысы


2023 жылдың 24 ақпанында Өнер, мәдениет және спорт институтының дене шынықтыру және спорт кафедрасы университеттің 95 жылдығына арналған Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері арасында тоғызқұмалақтан жарыс өткізді.

 

Жарыстың бас төрешісі М.М.Иралина жарысқа қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, сәттілік тіледі. Профессор Е.М.Мухиддинов студенттерге үлкен жетістіктер мен жеңістер тіледі.

 

Жарысқа студенттерден құралған 5 институттың командалары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша 1-ші орынды «Өнер, мәдениет және спорт» командасы, 2-ші орынды «Жаратылыстану және география» командасы, 3-ші орынды «Математика, физика және информатика» командасы, 4-ші орынды «Тарих және құқық» командасы, 5-ші орынды «Педагогика және психология» студенттері иеленді.

 

Жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз, сіздерге бақыт, үздік оқу, спортта табыс тілейміз!

 

  alt=  

 

  alt=