қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
03.03.2023

Педагогикалық практиканың қорытынды есебі

 

2023 жылдың 3 наурызында Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасында «6В01801 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы 3-ші курс студенттерінің педагогикалық практика бойынша қорытынды есебі тыңдалды. 3 курс студенттері 2023 жылғы 23 қаңтар мен 18 ақпан аралығында №168 Қ.Қатықбаева атындағы мектеп-гимназия, Ы.Алтынсарин атындағы №159 мектеп-гимназия, №33 мектеп-лицей, №117 жалпы білім беретін мектептерден педагогикалық практикадан өтті. Практика жетекшілері - философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор м.а. Булшекбаева Асем, Алимбекова Анар, Ахметова Айгүл, п.ғ.к. Гүлбахира Ширинбаева, кафедрадан жауапты практика жетекшісі Разия Каримова.

 

Қорытынды конференцияда студенттердің баяндамасы сараланып, жұмыстарын әдіскерлер бағалады. Практика құжаттары бойынша пікірлер айтылды. Есепте белсенді оқыту мен оқуды ұйымдастырудың артықшылықтары мен қиындықтары, мектептердегі әлеуметтік-педагогикалық үдерістің ұйымдастырылуы, оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес сараланған тапсырмаларды қолданудың нәтижесі, сабақ барысында диалог орнату және тиімді сұрақтар қою нәтижесі, бағалау тиімді болуы үшін жасалған қадамдар, одан арғы даму бағыттары көрсетілді. Студенттер теориялық білімді практикамен ұтымды ұштастыра алған, білім, білік, дағдыларын жоғары деңгейде көрсете алды.

 

Практиканың соңғы күні мектептерде педагогикалық кеңес өткізіліп, студенттер жұмысына пікір айтылып, баға берілді. Студенттердің құжаттары жақсы безендірілген, әдіскерлер тексеріп, бағаларын қойды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=