қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
29.03.2023

Қос дипломдық білім беру бағдарламасы

 

2023 жылдың 28 наурыз күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті арасында қос дипломдық білім беру бағдарламасын дайындауды жүзеге асыру мақсатында онлайн-вебинар өтті.

 

Вебинарға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Байназар Жадыра, екі университеттің «Химия» кафедрасының меңгерушілері Мукатаева Жазира мен Бердикулов Равшанжон, сонымен қатар білім беру бағдарламаларын құрастырған профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

 

Вебинар барысында жоғары білімнің халықаралық білім кеңістігіне енудің басым бағыттарының бірі - қос дипломды білім беру бағдарламасын құру, білім сапасын арттыру, ғылыми зерттеулер жүргізу, университеттің әлемдік білім кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру, университет дамуының стратегиялық мүдделерін қамтамасыз ету, Болон процесінің ЖОО интернационалдандырудың маңыздылығына тоқталды.

 

Екі университет арасындағы білім беру бағдарламалары сарапталып, академиялық күнтізбе бойынша болашақта қос дипломдық бағдарламаны жүзеге асыру үшін қажетті іс-шаралар жоспарланды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=