![]()
23.05.2023
Сертификатталған 72 сағаттық біліктілікті арттыру курстары өтті
12-22 мамыр күндері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, колледждер, серіктес мектептердің тәлімгерлері, дуальды білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын серіктес ұйымдар үшін онлайн және офлайн режимінде сертификатталған 72 сағаттық біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Білім беру процесін ұйымдастыру кезінде тыңдаушылардың кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтау үшін кіріс және шығыс сауалнама қарастырылған. Тыңдаушылардың білімін бақылау және бағалау мақсатында «Дуальды оқыту жағдайында оқытудағы инновациялық тәсілдер», «Дуальды оқытудың болашақ педагогтың кәсіби даярлығының табыстылығына әсері», «Дуальды білім беру: енгізу мәселелері және перспективалық артықшылықтар» тақырыптарында презентация-эссе жасау ұсынылды.
Курсты ұйымдастырушылар - педагогикалық шеберлік орталығы және KazDual жобасының командасы.
23.05.2023 ж. Ақпарат көзі: qazaq1913.com ![]() Вернуться назад |
050010, Республика Казахстан
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz rector@kaznpu.kz
|
Канцелярия: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Приемная комиссия: 8(727)291-57-68
Call-центр: 8 (727) 221 85 14
Сектор Психологической службы: 8 700 976 89 97
Прием граждан по личным вопросам
|
|
Цифровой центр обслуживания студентов «Шапағат» Статистика посещений
|