қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
23.05.2023

Қазақстан мен Ресей арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Кіші комиссияның кезекті отырысы

 

Бүгін Абай университетінде Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық комиссия аясында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Кіші комиссияның 3-ші отырысы өтті.

 

Кіші комиссияға ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев пен РФ Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Константин Могилевский төрағалық етті, сондай-ақ салалық министрліктердің сарапшылары, жоғары оқу орындарының басшылары және екі мемлекеттің бірқатар компания өкілдері қатысты.

Қуаныш Ерғалиев бұл екі ел арасындағы кездесу жоғары білім саласындағы стратегиялық серіктестікті дамыту үшін өте маңызды оқиға екенін атап өтті. Бұл осы саладағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша нақты іс-қимылдар мен шараларды әзірлеуге, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту үшін негіз бола алатын жобалар мен бағдарламаларды келісуге мүмкіндік береді.

Іс-шара барысында екі елдің жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері, бірлескен жобалар, жоғары оқу орындарының филиалдарын, оның ішінде Ресейде қазақстандық университеттің филиалын ашу, кадрларды бірлесіп даярлау мәселелері қаралды. Сондай-ақ алдағы Ректорлар форумына дайындық мәселелері және білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық бойынша алдағы іс-шаралар жоспары талқыланды.

Кездесу жоғары деңгейде өтті, қатысушылар ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша пікір алмасты. Екі тарап бірлескен жобаларды қолдауға және дамытуға, басым бағыттар бойынша мамандар даярлауға көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы жоғары білім саласындағы ынтымақтастық дамитынына және екі ел үшін де жемісті нәтижелер әкелетініне сенім білдірді. Ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=