қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
12.09.2023

Педагогикалық қайта даярлау курсына тыңдаушылардың қабылдау

 

  alt=  

 

2023 жылғы 7 қыркүйекте педагогикалық қайта даярлау курсына тыңдаушыларды қабылдау бойынша Қабылдау комиссиясының отырысы өтті. Комиссия отырысын Басқарма төрағасы-ректордың міндетін атқарушы Клара Исакова жүргізді. Комиссия құрамында академиялық мәселелер жөніндегі проректордың міндетін атқарушы Ақтолқын Құлсариева, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков, Білім беру бағдарламаларын жобалау департаментінің директоры Адиля Байдильдина, институт директорларының орынбасарлары мен кафедра меңгерушілері болды. Комиссия отырысының барысында Оқытушылық шеберлік орталығының жетекшісі Қазына Бекбенбетова атқарылған жұмыстар туралы қысқаша есеп беріп, педагогикалық қайта даярлау курсына түсушілер тізімін ұсынды.

 

Комиссияның қарауына барлығы 110 өтініш ұсынылып, нәтижесінде педагогикалық қайта даярлау курсына 106 талапкер іріктеп алынды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Оқытушылық шеберлік орталығы