Главная
Новости
24.10.2023 «Шығыс мәдениеті және өркениеті»: Қазақстан-Иран мәдени серіктестігі
2023 жылдың 23 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Иран Ислам Республикасы өкілдерімен «Шығыс мәдениеті және өркениеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шарада Иран ғылым академиясының мүшесі, философ, профессор Гуламреза Авани, Мәдени, әлеуметтік және өркениеттік зерттеулер институтының басшысы, Гуманитарлық ғылымдар және мәдениеттану ғылыми-зерттеу институтының профессорлық-оқытушылық құрамының мүшесі Реза Голами, мәдениет және Ислам коммуникациялары ұйымының ғылыми және академиялық ынтымақтастық жөніндегі бас директоры Халадж Монфаред және т.б өкілдері өз ойларымен бөлісті.
|