қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
11.10.2010

 

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қадірлі әріптестер!

2010 жылы қараша айының 19 күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде белгілі ғалым, көрнекті қоғам қайраткері, ҚазССР ҒА-ның корреспондент мүшесі, ҚазССР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Ахмеди Ысқақовтың 100 жылдық мерейтойына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1. Профессор А.Ысқақов және педагогика мәселелері.

2. Профессор А.Ысқақов және Қазіргі қазақ тілі грамматикасының өзекті мәселелері.

3. Филология ғылымы және фономорфологиялық құрылымдар.

4. Әдеби тіл аспектілерінің жаңа өрістері.

5. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы жаңа технологиялар.

6. Филолог мамандарды дайындау үдерісіндегі оқулықтар мен әдістемелік еңбектер.

Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді. Басылым жұмыстары үшін 3000 теңге көлемінде ұйымдастыру жарнасы төленеді. Мақалалар 2010 жылдың қараша айының 10-ына дейін қабылданады.

Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар

Мақала мәтіні (5 беттен аспауы тиіс) WORD мәтіндік редакторында Times New Roman шрифтімен жазылуы қажет. Мақалалардың баспа мәтіні және электронды нұсқасы болу керек. Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшаның ішінде), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Қазақ тілінде жазылған мәтін үшін орысша, орыс тілінде жазылған мәтін үшін қазақша қысқа түйіндеме (резюме) беріледі.

Сұраныста төмендегідей мәліметтер көрсетілуі тиіс

1. Автордың тегі, аты-жөні. 2. Жұмыс орны, қызметі. 3. Ғылыми атақ-дәрежесі.

Мекен жайымыз:

050100, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Достық 13, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазіргі қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасы.

Анықтама жөнінде Қоқанова Жарқынай Атайқызына немесе Оспанов Еділ Төлеубайұлына хабарласуыңызға болады. Тел.: 8 702 254 26 56, 8 777 657 16 33, e-mail zharka75@ mail.ru; e-mail edil_ospanov@ mail.ru