қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
27.11.2017

Тарих және құқық институтының ОЖСБ қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі

 

2017 жылы 25 қараша күні Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институтында ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан ағымдағы жылдың қараша айында өткізілген студенттердің оқу жетістігін сырттай бағалаудың (ОЖСБ) кешенді тестілеуінде жоғары балл алған 4-курс студенттерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара мақсаты ОЖСБ кешенді тестілеуі қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен студенттерді және өзіне жүктелген пән бойынша студенттерге жоғары деңгейде білім берген профессор-оқытушыларды құрмет грамоталарымен марапаттап, маман дайындауда сіңірген еңбектеріне алғыс айту.

Салтанатты кешті институт директоры Болат Жұмағұлов ашып, болашақ тарихшылар мен заңгерлерге шығармашылық табыс тілеп, Алғыс хатпен мараппаттады.

2017 жылдың 08-13 қараша аралығында өткен оқу жетістігін сырттай бағалау кешенді тестілеуінде университет бойынша педагогикалық мамандықтар арасында «5В020300-Тарих» мамандығы 141 балмен I-ші орынға шықты.