қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
22.12.2017

Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушыларының Гейдельберг педагогикалық университетіне сапары

 

ДААД бағдарламасының аясында және Абай атындағы ҚазҰПУ мен Гейдельберг педагогикалық университетінің (Германия) арасындағы екіжақты келісім шарты негізінде 2017 жылдың 10-16 желтоқсаны аралығында арнайы білім беру және бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедраларының меңгерушілері Акбота Аутаева, Әзия Жумабаева ҚР мен Германияда инклюзиялық білім беруді ұйымдастыру мәселесі бойынша Гейдельберг педагогикалық университетіне шақырылды. Гейдельберг педагогикалық университетінің бағдарламасына сәйкес арнайы (коррекциялық) және бастауыш инклюзиялық білім беру мектептерінің іс-тәжірибесімен танысу, пікір алмасу ұйымдастырылды. Сонымен қатар зияты зақымдалған балалармен инклюзиялық білім беруді ұйымдастыратын және инклюзиялық білім беруге педагогикалық кадрларды даярлайтын мамандармен кездесулер өтті.

 

Бұл қызметтік сапар инклюзия бойынша іс-тәжірибенің кеңеюіне, мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзиялық білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысуға, бастауыш және арнайы (коррекциялық) мектептерге мамандарды даярлау іс-тәжірибесімен алмасуға ықпал етті.

 

  

 

  

 

Халықаралық ынтымақтастық басқармасы