қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
20.03.2018

ҮЗДІК ЖАС ҰСТАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ

 



«Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қорының бастамасымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен қазақ мектептерінің қара шаңырағы Алматы қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияда жас мамандарға арналған тұңғыш республикалық «Үздік жас ұстаз» форумы өткізілді.

 


 

Форумға Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Мамай Ахет, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Ақбота Қоңырова,- «Заман Қазақстан» газетінің жауапты хатшысы Бауыржан Карипов, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Темірхан Тебегенов, Абай атындағы ҚазҰПУ қазақ тілі əдістемесі теориясы кафедрасының меңгерушісі Жанат Дəулетбекова, «alpa acodemia» академиясының директоры Бақнұр Зиябеков, «Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қорының төрағасы Бауыржан Айткаримов қатысып, жас мұғалімдер үшін тәлімі мол тәжірибелерімен бөлісіп, тұжырымды ойларын ортаға салды.

 

 

Республикалық дәрежедегі бұл форум білім саласында еңбек етіп жүрген жас ұстаздардың мәртебесін айқындау, жаңартылған білім мазмұны аясында жас мамандардың біліктілігін арттыру, оқулық авторлары мен ұстаздардың арасында байланыс орнату, мұғалімнің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру, ел аумағының түкпір-түкпірінен келген мамандардың тәжірибе алмасуы жағдайында өтті.

 

Жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқу-әдістемелік мәселелер жөнінде пленарлық мәжіліс біткеннен кейін, республикаға танымал білікті ұстаздардың әдістеме бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

 

 

Форумға республика педагогтарының біліктілігін арттырып, қайта даярлау курстарынан өткізіп жүрген Педагогикалық шеберлік орталығынан және еліміздегі көшбасшы педагогикалық оқу орны Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеттен оқытушы-профессорлар арнайы шақырылып, білім жолында өз еншісін алғысы келетін, өз мектебінің ішінен үздік болып бағаланған, республикамыздың барлық мектептерінің еңбек өтілі 5 жылға жетпеген жас ұстаздары қатыстырылды.

 

Іс-шара соңынан жас ұстаздарға «Үздік жас ұстаз - 2018» төсбелгісі салтанатты жағдайда табыс етілді.

 

 

Авторы: Еркін Қалдан

20.03.2018 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz