қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
10.12.2010

10 желтоқсанда «Қазіргі заманғы күнделікті әдептілік» тақырыбындағы ашық сабақ және «Ұлттық тәрбие» кафедрасының ресми ашылу салтанаты болды. Университетімізде былтырғы оқу жылынан бастап «Ұлттық тәрбие» пәні жүргізіле бастағаны белгілі. Қазіргі жаһандану жағдайындағы мәдени кеңістікте  жастардың тұлғалық қалыптасуы мен әлеуметтенуін жүзеге асыруда бұл пәннің маңызы өте зор. Ұрпақ тәрбиесі қай уақытта болмасын  әдеп негіздеріне байланысты дамыған. Олай болса, ұлттық тәрбие әдепттілік ережелерінен бастау алады. Осы ретте химия-биология мен халықаралық қатынастар және құқықтану факультеттері бірігіп, студенттер «Әдеп негіздері» пәні бойынша алған білімдерін практикалық тұрғыда көпшілікке көрсетті. Оны п.ғ.к. Бақыт Әрінова апай жүргізіп отырды.

Мақсаты - студент жастардың «Әдеп негіздері» пәні бойынша алған білімдерін тиянақтап, оларды күнделікті қарым-қатынаста  қазіргі заманғы этикалық нормаларға сай қабылданған әдептілік ережелерін сақтай білуге үйрету.