Главная
Новости
21.09.2018 Ректор Такир Балықбаевтың халыққа есеп беру кездесуі
2018 жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры профессор Такир Балықбаевтың халыққа есеп беру кездесуі өтті.
Іс-шараға мәслихат депутаттары, Алматы қаласының жұртшылық өкілдері, Ұлттық ғылым академиясының президенті, жоғары оқу орындары ректорлары, қала және Медеу әкімдіктерінің қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Шетелдік елшіліктердің консулдық мекемелерінің қызметкерлері, ата-аналар, университет оқытушылары мен студенттері қатысты.
Өз баяндамасында ректор Такир Балықбаев 2017/2018 оқу жылының қорытындысына тоқталып, университеттің оқу, ғылыми-инновациялық, қаржы-экономикалық және әлеуметтік-тәрбие жұмыстарына талдау жасады, университет дамуының стратегиялық мақсаттары мен бағыттарына тоқталды.
Ректор атап өткендей, «ҚазҰПУ қызметі орта білімнің жаңартылған мазмұны мен мұғалімнің кәсіби құзыреттілігіне қойылатын жаңа талаптар контекстінде педагог кадрларды оқытуды жетілдіруге бағытталған».
Негізгі педагогикалық университет үміткерлерді іріктеудің оң динамикасын көрсетуде. 2018/2019 оқу жылында ҚазҰПУ-не 1 курсқа 3708 студент қабылданды, оның ішінде мемлекеттік гранттар бойынша - 1940 адам (салыстыру үшін: 2017 жылы жалпы - 2589 адам, мемлекеттік грант - 1342). Сонымен қатар университет студенттері құрамының сапасы жыл сайын артып келеді.
Есеп беру кездесуінде қонақтарға да сөз берілді. Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Ахан Бижанов, Ы.Алтынсарин атындағы №159 көпсалалы гимназияның директоры Аягул Миразова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әскери ғылымдар докторы, профессор Ким Серікбаев, ҚазҰУ профессоры, университет түлегі Талас Омарбеков және басқалар ректор есебін жоғары бағалады.
Кездесу үш сағаттан астам уақытқа созылды. Қатысушылар ректорға сұрақтар қоюға және толық жауаптар алуға мүмкіндік алды. Сұрақтарын қойып үлгермегендерге, сауалнамаларын жазбаша түрде жіберу ұсынылды. Олардың жауаптары университеттің сайтында орналастырылады.
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім |