қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.09.2018

Ректор Такир Балықбаевтың халыққа есеп беру кездесуі

 

  

 

2018 жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры профессор Такир Балықбаевтың халыққа есеп беру кездесуі өтті.

 

Іс-шараға мәслихат депутаттары, Алматы қаласының жұртшылық өкілдері, Ұлттық ғылым академиясының президенті, жоғары оқу орындары ректорлары, қала және Медеу әкімдіктерінің қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Шетелдік елшіліктердің консулдық мекемелерінің қызметкерлері, ата-аналар, университет оқытушылары мен студенттері қатысты.

 

Өз баяндамасында ректор Такир Балықбаев 2017/2018 оқу жылының қорытындысына тоқталып, университеттің оқу, ғылыми-инновациялық, қаржы-экономикалық және әлеуметтік-тәрбие жұмыстарына талдау жасады, университет дамуының стратегиялық мақсаттары мен бағыттарына тоқталды.

 

Ректор атап өткендей, «ҚазҰПУ қызметі орта білімнің жаңартылған мазмұны мен мұғалімнің кәсіби құзыреттілігіне қойылатын жаңа талаптар контекстінде педагог кадрларды оқытуды жетілдіруге бағытталған».

 

Негізгі педагогикалық университет үміткерлерді іріктеудің оң динамикасын көрсетуде. 2018/2019 оқу жылында ҚазҰПУ-не 1 курсқа 3708 студент қабылданды, оның ішінде мемлекеттік гранттар бойынша - 1940 адам (салыстыру үшін: 2017 жылы жалпы - 2589 адам, мемлекеттік грант - 1342). Сонымен қатар университет студенттері құрамының сапасы жыл сайын артып келеді.


Еңбек нарығында түлектерге деген сұраныс және жас мамандардың кәсіби сапасына жұмыс берушілердің қанағаттануы жоғары деңгейде. Абай атындағы ҚазҰПУ түлектерінің жұмыс берушілері тек Алматы қаласы мен Алматы облыстарының оқу орындары емес, республиканың барлық аймақтарының оқу орындары.


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жыл сайын жаһандық және ұлттық рейтингте өз орнын жақсартуда. 2017 жылы университет QS World University Rankings рейтингінде 491 орынды иеленіп, алғаш рет әлемнің ТОП-500 университеттері қатарына енді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ әлемнің үздік университеттері арасында 481-ші орынға көтеріліп, өз позициясын нығайтты. Emerging Europe және Central Asia арнайы рейтингінде Еуропаның және Орталық Азияның 30 еліндегі 200 жоғары оқу орындарының арасында Абай атындағы ҚазҰПУ 86 орынды иеленді (2017 жылы 91 орынды иеленген болатын). 2018 жылдың қорытындысы бойынша Университет Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына сұраныстың ұлттық рейтингісінде 7-ші орынға, үздік педагогикалық жоғары оқу орындары арасында «Білім» бағыты бойынша институционалдық рейтингіде - 1 орынға ие, ал педагогикалық мамандықтардың 32 білім беру бағдарламасы TOP-3 рейтингісіне енді.


ҚазҰПУ-дың стратегиялық міндеттерінің ішінде, атап айтқанда, педагогикалық мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлескен, кемінде 15 бірлескен екі дәрежелі білім беру бағдарламаларын құру, сондай-ақ QS World University Rankings рейтингісінде 450-ші орынға көтеру мәселелері аталды.

 

Есеп беру кездесуінде қонақтарға да сөз берілді. Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Ахан Бижанов, Ы.Алтынсарин атындағы №159 көпсалалы гимназияның директоры Аягул Миразова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әскери ғылымдар докторы, профессор Ким Серікбаев, ҚазҰУ профессоры, университет түлегі Талас Омарбеков және басқалар ректор есебін жоғары бағалады.

 

Кездесу үш сағаттан астам уақытқа созылды. Қатысушылар ректорға сұрақтар қоюға және толық жауаптар алуға мүмкіндік алды. Сұрақтарын қойып үлгермегендерге, сауалнамаларын жазбаша түрде жіберу ұсынылды. Олардың жауаптары университеттің сайтында орналастырылады.

 

Ректордың баяндамасы


Презентация

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім