қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
09.06.2014

Көрнекті ғалым құрметіне арналған конференция


2014 жылғы маусым айының басында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбектің 85 жылдық мерейлі мерекесіне арналған «Қазақстандық тарих ғылымының өзекті мәселелері мен даму болашағы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Республиканың ғылыми өміріндегі ірі оқиға болған бұл маңызды іс-шараны ҚР ҰҒА-ның Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімі, Абай атындағы ҚазҰПУ, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты және А.Х. Марғұлан атындағы Археология институты бірлесе ұйымдастырып, өткізді.
Конференция жұмысына Ресейдің, Өзбекстанның, Қырғызстанның, сондай-ақ өз еліміздің белгілі ғалымдары, республикамыздың аймақтарындағы ЖОО, ғылыми мекемелерінің өкілдері қатысты.
Конференцияны кіріспе сөзбен Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар бөлімінің төрағасы, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, профессор С.Ж.Пірәлиев ашты.
Пленарлық мәжілістен соң конференция өз жұмысын төмендегідей секцияларда жалғастырды:
1. « Қазіргі кезеңдегі Отан тарихы ғылымындағы жаңа тұжырымдар мен көзқарастар»;
2. «Тарихи демография саласындағы зерттеулер: жетістіктері мен болашағы».
3. «Қазақстандық археология және этнология ғылымдарының даму мәселелері мен болашағы».
Конференция соңында тиісті ұсыныстар қабылданды.


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың
Баспасөз орталығы