қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
16.03.2023

Құрметті әріптестер!

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Абай атындағы ҚазҰПУ КеАҚ Үздік оқытушысы-2023» университетішілік байқауының басталғаны туралы хабарлайды. Жыл сайынғы байқау оқытудың әдістемесі мен заманауи оқыту технологияларын меңгеру саласындағы профессор-оқытушылар құрамының жоғары жетістіктерін анықтау және көтермелеу мақсатында өткізіледі.

 

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) «Оқытудың инновациялық шеберлігі» (әдістеме);

2) «Ғылыми зерттеулер мен оқытудың интеграциясы»;

3) «Абай атындағы ҚазҰПУ тәжірибесімен бөлісу» (барлық санаттағы жұмысшылар үшін ашық);

4) «Ұлттық құндылықтарды оқу процесіне интеграциялау»;

5) «Цифрлық педагог».

 

Байқауға университеттің әкімшілік-басқару персоналының штаттық оқытушылары мен қызметкерлері қатыса алады. Байқауға қатысуға өтінімдерді жеке тұлғалар немесе алты адамға дейінгі топтар бере алады. Үміткерлердің құрылымдық бөлімше басшыларының қолы қойылған өтініштері мен материалдары Институционалдық тиімділік кеңсесіне 2023 жылғы 30 сәуірге дейін қағаз нұсқасында және a.nurlankyzy@abaiuniversity.edu.kz электрондық пошта бойынша ұсынылуы тиіс.

 

Байқауға қатысу шарттары, критерийлері және қажетті құжаттар тізімі «Абай атындағы ҚазҰПУ КеАҚ Үздік оқытушысы» университетішілік байқауды өткізу қағидаларында ұсынылған.

 

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар жүлде қорымен марапатталады.

 

Университетішілік байқау өткізу қағидалары қоса беріледі.

 

Баршаңызға сәттілік тілейміз!

 


Институционалдық тиімділік кеңсесі