қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
29.01.2019

«Балдаурен-Қапшағай» республикалық оқу-сауықтыру орталығына іс-сапар

 

Ағымдағы жылдың 25 қаңтарында университетіміздің басшылық құрамы мен Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының мамандары Қапшағай қаласында орналасқан «Балдаурен-Қапшағай» республикалық оқу-сауықтыру орталығына іс-сапармен барып кайтты. Іс-сапар мақсаты «Балдаурен-Қапшағай» РОСО орталығындағы оқушыларға кәсіби бағдар беру және екі жақты келіссөздер жургізу болып табылады.


Кездесу «Балдаурен-Қапшағай» РОСО филиалының бас директоры Ренат Серікұлы Күлмағамбетовның республика бойынша оқу-сауықтыруға келетін оқушыларға жасалынған мүмкіндіктер мен арнайы бағдарламалармен таныстыруынан басталды.


Жиын барысында келіссөздер жүргізу үшін «дөңгелек үстел» өтті. «Дөңгелек үстел» мәжілісінде сөз алған университетіміздің оку ісі жөніндегі проректоры Асан Сәтмырзаев «Балдаурен-Қапшағай» орталығымен оқу орнымыз арасында жүзеге асыратын жобалар бар екенін атап өтіп, соның бірі «Балдаурен-Қапшағай» РОСО базасында республиканың білім беру мекемелерінің 11-сынып оқушылары арасында «Абай сыйы-2019» республикалық пәндік олимпиадасын өткізу жоспарда бар екенін жеткізді.


Филиал тарапынан жоба асқан қызығушылықпен қабылданып, алдағы уақытта олимпиаданы өткізу үшін барлық мүмкіндіктер қарасытыратынын жеткізді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  

 

Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығы