Главная /
Объявления
29.11.2016
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде, «6D011700-Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін Иманқұлова Меруерт Амантайқызының «Қазақ тіл біліміндегі таным теориясының ғылыми-әдістемелік негіздері (А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов зерттеулері бойынша)» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған. Қорғау тілі - қазақша. Ғылыми кеңесшілер: Қосымова Гүлбану Сейілбекқызы - филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры; Даулетбекова Жанат Турарбековна - педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің доценті; Henryk Jankowski/Хенрук Янковски - доктор, Адам Мискевич атындағы Познань университетінің профессоры (Польша, Познань). Рецензенттер: Сулейменова Жаркынбике Нуаевна - педагогика ғылымдарының докторы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің профессоры; Курманбаева Шынар Капантайкызы - педагогика ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры. Қорғау 2016 жылдың 29 желтоқсанында сағат 12.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы 6D010000 - Білім беру (гуманитарлық ғылымдар) Диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13 (3-қабат, 320- кабинет), веб-сайт - www.kaznpu.kz
|