![]()
28.10.2019
Үйренуді үйрену
2019 жылы 25 қазан күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универсетінде Педагогикалық шеберлік академиясының ұйымдастыруымен «Үйренуді үйрену» тақырыбында жалпыуниверситеттік семинар-тренинг өткізілді.
Тренинг барысында Google educator тренері, адами капиталды дамыту менеджменті бойынша белгілі маман Ескендір Бестай болашақ ұстаздарды әлемдегі танымал «Learning How to Learn» онлайн-курс негіздерімен және үйренудің тиімді техникаларымен таныстырды. Семинар форматы еркін кәсіби диалог түрінде ұйымдастырылып, қатысушылардың көпшілігі өзекті педагогикалық мәселелерді талқылауға белсене қатысты.
Сонымен қатар, университеттің ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева баяндамасында онлайн-курстар студенттердің кәсіби құзыреттіліктері мен бәсекеге қабілеттіліктерін дамытуда маңызды рөл атқаратындығын атап өтті.
Педагогикалық шеберлік академиясы ![]() Вернуться назад |
050010, Республика Казахстан
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz rector@kaznpu.kz
|
Канцелярия: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Приемная комиссия: 8(727)291-57-68
Прием граждан по личным вопросам
|
|
Цифровой центр обслуживания студентов «Шапағат» Статистика посещений
|