қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
02.03.2011

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры С.Ж.Пірәлиевтің бұйрығы бойынша Дайындық факультеті «Болашақ» стипендиаттарына үміткер студенттерге, магистранттарға, оқытушылар құрамына арнап «Болашақ» дайындық курсын бастап та кетті. «Болашақ» дайындық курсына қабылдау конкурсына университеттің барлық факультеттерінің студенттері, магистранттары, докторанттары қатысты. Дайындық факультетінің деканы Қ.С. Бұзаубағарова «Болашақ» курсына қатысушы үміткерлерге Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы туралы мәліметтер берді. «Болашақ» курсының тиімділігі 2009-2010ж. оқу жылында «Болашақ» курсын тамамдаған студенттер мен магистранттар арасынан 5 үміткер Халықаралық «Болашақ» бағдарламасымен шет елде білімдерін жалғастыруға мүмкіндік алды. «Болашақ» бағдарламасына дайындық курсы тек Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ғана бар екендігін және Халықаралық «Болашақ» бағдарламасына қатысамын деген ойы бар үміткерлерге тілдерін дамытып, үйренуге үлкен мүмкіндік екендігін баса айтып студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, жас мамандарға сәттілік тіледі.

Конкурс ережесі бойынша «Болашақ» курсына қатысушы үміткелер «Менің Отаным Қазақстан!» атты тақырыпта ағылшын тілінде эссе жазды. Эсселерінің қысқаша қорытындыларын қазақ тілінде жазды. Конкурсқа қатысқан 70 ге жуық үміткерлер арасынан 50 үміткер «Болашақ» дайындық курсын оқуға мүмкіндік алды. Ал, конкурстан өте алмай қалған үміткерлерге ақылы түрде оқи алатындықтары айтылды. Конкурс нәтижесін, комиссия қорытындылай келе ең жақсы эссе жазғандар Халықаралық қатынастар және құқықтану факультетінің студенттері Естемесов Даурен 4 курс, Швецов Алексей 2 курс; Физика-математика факультетінен Қауысова Ақзат 3 курс, Қалиев Данияр 3 курс, Биринтаева Айдана 3 курс жақсы көрсеткіштер көрсетті.

Президенттік бағдарламаның нәтижесінде мыңдаған қазақстандық студенттер озық шетелдік университеттерде білім алып қана қоймайды, сонымен қатар жаңа әлеммен етене таныс бола түседі, өз еліне өзге мәдениеттер мен құндылықтар тұрғысынан қарау мүмкіндігіне.
Осы мүмкіндікке қол жеткіземін деген үміткерлерге тек сәттілік тілейміз!