қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.01.2020

Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында педагогтарды дайындау

 

   

 

Бүгінгі таңда Қазақстанда барлық азаматтар үшін ең көп талқыланатын және өзекті тақырыптардың бірі - орта білім мазмұнын жаңарту жүйесі болып табылады.


Бұл реформамен байланысты мәселелер мектептерге де, мұғалімдерге де, студенттерге де, олардың ата-аналарына да, сондай-ақ болашақ педагогтарды даярлау бөлігіндегі жоғары білім беру жүйесіне де қатысты.


Аталған мәселелерді шешу үшін 2019 жылы 26 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп «Жаңартылған мазмұн жағдайында орта білімді дамыту және педагогикалық кадрларды даярлау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел форматында кеңейтілген отырыс өткізді.

 

Отырысты Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев ашты. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова кіріспе сөз сөйледі. Олар көтерілген тақырыптың маңыздылығын атап өтті.

 

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР БҒМ, еліміздің педагогикалық жоғары оқу орындарының, ДББҰ «НЗМ», Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, мектептер, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының облыстық және қалалық білім басқармаларының, педагогикалық колледждердің, «EDTECH-KZ» ХБО және басқа да мүдделі ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысты.

 

Іс-шарада келесі мәселелер қаралды:

1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттары туралы;

2. Педагогикалық кадрларды даярлау мәселелері;

3. Орта білім берудің жаңартылған мазмұны;

4. Орта білім берудің жаңартылған мазмұны аясында критериалды бағалау жүйесі;

5. ХХІ ғасыр педагогтарын дайындаудың жаңа жолдары мен тетіктері;

6. Жалпы білім беретін мектепте білім сапасын басқару;

7. Салалық кадрларды даярлаудағы педагогикалық колледждер мен жоғары оқу орындарының сабақтастығы;

8. Білім берудің жаңартылған мазмұны негізінде жалпы орта және жоғары білім берудің педагогикалық процесінің сабақтастығы;

9. ХХІ ғасырдың сын-қатері контекстінде педагогтардың біліктілігін арттыру;

10. Мектептің оқу үрдісінде электрондық күнделіктер жүйесін енгізу;

11. Орта білімнің жаңартылған мазмұны бойынша студент-практиканттармен жұмыстың маңыздылығы;

12. Жас мұғалімдердің мектептерде білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізуге дайындығы.

 

Толық жұмыс күні ішінде БЖБ, ТЖБ және Күнделік.kz әзірлеушілерімен «жаңартудың» негізгі мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.

 

Қорытынды сөзінде Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев бұл талқылау алаңында барлық қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар болғандықтан, жарты жылда бір рет осындай кеңестерді өткізу туралы ұсыныс жасады.