Халықаралық ынтымақтастық | «Эразмус+» бағдарламасы
Толық ақпарат алу үшін Достық даңғылы, 13, 310-кабинет мекенжайы бойынша Халықаралық ынтымақтастық департаментінің халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөліміне хабарласуға болады.
«Orhun» бағдарламасы
«Orhun» бағдарламасы Түркі кеңесінің (TURKUNIB) Түркі университеттер Одағына кіретін университеттер арасында студенттер мен оқытушыларды академиялық алмасуына жәрдемдесуге бағытталған бағдарлама. 2023 жалдың басында Абай университеті осы Одақтың мүшесі болып, «Orhun» академиялық алмасу бағдарламасының қатысушысы болды. (http://www.turkunib.org/)
Студенттер шетелде кем дегенде бір, ең көбі екі семестр бойы білім ала алады. Семестрлік кезеңдердің ұзақтығы қатысушы елдердің білім беру жүйелеріндегі айырмашылықтарды ескере отырып, әр түрлі болуы мүмкін, алмасу кезеңі бір семестрді құрауы мүмкін; Студенттер оқу ақысын төлемейді және қабылдаушы университеттің пайдасына қосымша шығындар алмайды, бірақ олар келген университеттегі оқу ақысын төлеуді жалғастырады (егер олар ақылы бөлімнің студенттері болса);
Бағдарламаға қатысты қажетті өтініш формаларын келесі сайттан алуға болады http://turkunib.org/en/orhun, ал бағдарлама бойынша толық ақпарат келесі сайтта http://turkunib.org/orhun/. «Orhun» бағдарламасына қатысу шарттары:
«Orhun» бағдарламасына қатысу үшін қажетті құжаттар:
Келесі сайтта Түркі кеңесіне кіретін (TURKUNIB) Түркі университеттері одағының мүшелері болып табылатын университеттердің тізімімен танысуға болады: http://turkunib.org/en/site/index/#member.
«500 ғалым» бағдарламасы
Алдыңғы қатарлы ғылыми технологияларды трансферттеу мақсатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл уақыты» Қазақстан халқына Жолдауында әлемнің жетекші зерттеу орталықтарында 500 ғалымның жыл сайынғы тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді тапсырды.
Ғалымдар үшін тағылымдама шетелдік жетекші жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми орталықтарда және салалық ұйымдарда ғылыми, ғылыми-техникалық кадрлардың біліктілігін арттыруға бағытталған.
Ғылыми тағылымдама, ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің жетекші шетелдік ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және өзге де ұйымдардың тізіміне кіретін шетелдік ұйымдарда 3 айдан 12 айға дейінгі мерзімге ғылыми зерттеулердің басым бағыттарының тізбесіне сәйкес жүргізілетін ғылыми зерттеу шеңберінде жүзеге асырылады.
Осы бағдарламамен толығырақ келесі сайттан таныса аласыз: https://bolashak.gov.kz/ru/o-nauchnyh-stazhirovkah-po-ns.
![]() |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|