Тарих және құқық институты
|
МИССИЯСЫ: XXI ғасырдың ең озық әдістер мен бағдарламалар негізінде білікті мамандар даярлау.
Тарих және құқық институты - жаңа формация кадрларын дайындау орталығы.
Тарих және құқық институтының шежіресі 1934 жылы құрылған тарих факультетінен бастау алады. Тарих және құқық институты - бүгінде ел тұғырын биік ұстап, «Мәңгілік ел» идеясындағы қазақ елінің тарихын асқақтататын, бабалар ізінен нәр беретін, батырлық рухының негізінде отансүйгіштікке тәрбиелейтін, ел басқарған хандар мен би-шешендердің тарихи танымын меңгерте отырып, озық мемлекеттің білім көкжиегіне жетелейтін сапалы білім ордасы.
Қазіргі уақытта институт Жамбыл көшесі 25 мекен-жайы бойынша, университеттің №10 оқу ғимаратында орналасқан.
- Әлем тарихы кафедрасы; - Құқықтану кафедрасы; - Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы.
Институт 3 деңгейде келесі білім бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды:
МАГИСТРАТУРА
ДОКТОРАНТУРА
Білім беру бағдарламасын аяқтау нәтижесінде біздің түлектер келесі мекемелерде жұмыс істей алады:
Біздің институтта оқудың артықшылықтары
Оқу процесін ұйымдастыру үшін институт жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құраммен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта институтта 133 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының (ҚР ҰҒА) 1 академигі және 2 - ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, 22 ғылым докторы, 47 ғылым кандидаты және 6 PhD докторы, 55 магистр, аға оқытушы, оқытушы. Ғылыми потенциал 59%, орта жас-48.
Тарих және құқық институтының 2020-2025 жылдарға арналған Даму стратегиясы
![]() |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|