Негізгі бет
Жаңалықтар
20.01.2016 Абай атындағы ҚазҰПУ-дың филология институты оқу-әдістемелік бюросы және филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен (16.01.2016 жыл. Сағат 9:00-да бас ғимараттың 4-қабаты, 410-дәрісханасында) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы негізінде дайындалған педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы қатарынан тренерлерді оқыту бағдарламасы бойынша 2015 жылғы 2 ақпан-20 наурыз аралығында Астана қаласында 232 академиялық сағат көлеміндегі курсты аяқтаған тренерлер семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренингке «Филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі, «Қазақ тілі мен әдебиеті, «Жалпы тіл білімі» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қатысып, тренерлер тарапынан берілген тапсырмаларды мұқият әрі аса қызығушылықпен орындады. Семинар-тренингті өту барысында тренерлер мен оқытушылар арасында ынтымақтастықпен ойбөлісу, бірлесе отырып талқылау, жоғары белсенділік сынды оңтайлы іс-әрекеттер орын алды. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың үшінші деңгейлі бағдарламасы негізінде дайындалған мәнмәтіннің қазіргі сабақ беру үдерісінде ықпалы зор екендігі тағы бір көрініс тапты.
Филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы
|