қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.01.2020

Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері жоғарылатылған шәкіртақы алды

 


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы студенттердің шәкіртақысы 2020 жылдың қаңтар айынан бастап 25%-ға өсті. Бүгінгі таңда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 3089 студенті, 928 магистранттары және 393 докторанттары алғашқылардың бірі болып жоғарылатылған шәкіртақы алды. Атап айтсақ, бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20 949 теңгеден 26 186 теңгеге дейін, магистратура білім беру бағдарламасы бойынша оқитын білім алушылардың шәкіртақысы 53 533 теңгеден 66 913 теңгеге, докторантура білім беру бағдарламасы бойынша оқитын білім алушылардың шәкіртақысы 81 998 теңгеден 102 498 теңгеге дейін өсті.

 

Президентіміз бен Білім және ғылым министрлігінің студенттерге қолдауы - өте маңызды қадам. Бұл бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау деңгейін көтеруге және университеттердің мәртебесін халықаралық деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді. Еліміздің жетекші педагогикалық университеті ретінде біз сапалы білім беруге бар күшімізді саламыз және мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға ризашылығымызды білдіреміз.