қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.01.2020

Жастарды тәрбиелеудің өзекті мәселелері талқыланды

 

   

 

2020 жылдың 22 қаңтары күні Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Жанатбек Ішпекбаевтың төрағалығымен жастар тәрбиесінің өзекті мәселелері бойынша жиын өтті.

 

Жиынға тәрбие саласына қатысты құрылымдық бөлім өкілдері қатысты. Жиын барысында проректор Жанатбек Ішпекбаев жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан  кейінгі білім департаменті директоры Әділет Тойбаевтың жетекшілігімен (https://www.kaznu.kz/kz/3/news/one/18583/) тәрбие жұмысының өзекті мәселелері бойынша кеңейтілген жиында қарастырылған бірқатар мәселелер туралы баяндап берді.

 

Одан басқа жиын барысында Хәкім Абайдың 175 жылдығын, әл-Фарабидің 1150 жылдығын, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдығын, Еріктілер жылын лайықты атап өту бойынша іс-шаралар жоспары талқыланып, ұсыныстар қаралды.

 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласы және Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» заңын университет ұжымы  мен білім алушылар арасында кеңінен талқылау жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

 

Университет жоспарына сәйкес ақпан айында жоспарлаған  «Start Project» креативтік жобалар байқауы мен «Менің пірім - Сүйінбай» республикалық жас ақындар айтысын ұйымдастыру бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

 

   

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және
жастар саясаты департаменті