қазақша · русский · english
   
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің мұражайының атқаратын негізгі міндеттері

 

 Рахманғалиев Қайырхан Бекенұлы
Мұражай меңгерушісі
Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі, «Педагогика» кафедрасының доценті
Достық даңғылы, 13
 8-705-159-36-80
murajai2013@mail.ru

 

Қазақстан Республикасының тарихының бөлінбейтін бөлімі ретінде білім берудің тарихи негізгі материалдары мен  құжаттарын зерттеу және жинақтап сақтау.

Қазақстан Республикасының әр түрлі буын ұстаздарының педагогикалық білімдерін, тәжірибелерін, мәдениетін насихаттау және түсіндіріп тарату.

Студент-жастарды, оқушыларды Қазақстандық Отан сүйгіштікке және тарихи мәдени ескерткіштерге құнттылық ықыласпен тәрбиелеу.

Біздің университет Қазақстан Республикасында алғаш 1928 жылы құрылған оқу орыны болып саналады. Осы оқу орыны алғаш құрылған кезде, ат салысқан данышпан ағаларымыз бен апайларымыздың, қазақтың қоғам қайраткерлері Санжар Асфендияров, Ораз Жандосов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов тағы басқа қайраткер азаматтарымыздың қол жазбалары мен суреттерін осы мұражайда кездестіруге болады.

Ұлы Отан соғысы жылдарында осы оқу орынында оқып, майданға аттанған Совет одағының батыры атағын алған Мәлік Ғабдуллин, Құдайберген Сұранғанов, Сәду Шәкіров, Ахмедияр Құсайынов, Рахымжан Тоқтаев, Қаныш Хамзин, Лесбек Жолдасов, Владимир Береусов тағы басқа ағаларымыздың өмірбаяндары мұражайда суреттелген. Соғыс жылдарынан кейін осы қара шаңырақта қызмет жасаған азаматтар мен азаматшалардың қолт аңбаларын, суреттерін көруге болады.

Мұражайдың ішінде төрт бөлімге бөлінген. Бірінші бөлмеде университеттің жалпы тарихы көрсетілген. Екінші бөлме қазақ халқының қол өнер тарихынан сыр шертетін шығармашылық жұмыстармен көркемделген. Соның ішінде көркем-сурет факультетінің студент жастарының шығармашылық жұмыстары, ши тоқу, киіз басу, ағаш өңдеу, темір өңдеу, сүйек өңдеу жұмыстарымен толықтырылған. Үшінші бөлмеде графикалық, университеттің оқу корпустарының макеті қойылған және соғыс, еңбек және тыл ардагерлеріне арналған  стенд бар. Төртінші бөлме  кескіндеме және мүсін өнерінен орындалған шығармашылық жұмыстармен безендірілген. Осы университет мұражайына қаламыздың мектеп оқушылары, қала тұрғындары, университетке келген шет елдік делегация мен қонақтар жиі келіп тұрады. Шет елдік қонақтар университет тарихымен, мұражай экспонаттарымен танысып, пікір алмасып тұрады.

Мұражай мектеп оқушыларымен, студент жастарға жан-жақты тәрбие беру жолында маңызды рөл атқарады. Университетке алғаш түскен студент жастарымыз осы оқу орынымен, тарихымен танысып өздеріне үлкен эстетикалық әсер алады. Сонымен қатар мұражайда көркем-сурет факультетінің ұстаздары мен студенттері жыл сайынғы дәстүрлі есептік және шығармашылық көрмелерін өткізіп тұрады.