қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
29.01.2020

Абай университетінде еріктілер тәжірибе алмасты

 


 

2019 жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Жастар жылының жалғасы ретінде «Еріктілер жылы» - деп жариялайтынын, жастарымызды белсенді волонтерлік жұмысқа тарту қажеттілігін Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан болатын.


Былтыр Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Еріктілер лигасы» құрылып, еріктілер «Мансап», «Шапағат», «Smart Student», «Жастар бастамаларын қолдау» орталықтарының қызметтеріне көмектесіп, қайырымдылық жұмыстарын бастап кеткен болатын.


Бүгінде мемлекеттік деңгейде қолға алынған Еріктілер жылында еріктілік қозғалысының маңыздылығын Абай университетінің студенттері көрсетіп отыр.


23 қаңтарда республикалық «Еріктілер лигасы» Қоғамдық қорының төрайымы Айсұлу Ерниязова «Smart Student» жастар бастамаларын қолдау орталығында университеттің белсенді жастарымен кездесіп, тренинг өткізді. Тренинг Студенттік ректораттың ұйымдастыруымен өтті.


Тренинг барысында көп жылдық тәжірибесі мол спикер еріктілікке апарар қадамдармен таныстырып, еріктілік құндылықтарын практикалық тұрғыдан талдап берді.


Еріктілердің университет деңгейіндегі алар орны, сапалы қызметі, нақты бағыты, тұтас командалық жұмысы, қалалық және республикалық деңгейдегі жалпы қоғаммен байланысы, тағы да сол сияқты ауқымды тақырыптар қамтылған танымдық кездесу шарасы жоғары деңгейде өрбіді. Айсұлу Әлімжанқызы Абай университетінің еріктілер қозғалысына толық қолдау білдіретіндігін, университетпен және республикалық Еріктілер лигасымен етене тығыз қарым-қатынаста болатындығын жеткізді.

 

29.01.2019 ж.

Ақпарат көзі: bilim.expert