Тіркеу басқармасы (тіркеу офисі) - академиялық тәртіп пен ережелердің орындалуын, білім алу үрдісін бақылауды ұйымдастырумен қамтамасыз ету, білім алушылардың академиялық рейтингтері мен оқу жетістіктерін тіркеуін қадағалайтын академиялық қызмет.
Тіркеу басқармасының құрамы төмендегідей:
- күндізгі оқыту түрі студенттерін тіркеу бөлімі; - сырттай оқыту түрі студенттерін тіркеу бөлімі.
Тіркеу басқармасының негізгі міндеттері:
- академиялық күнтізбені құру және орындалуын бақылау; - білім алушылардың оқу пәндеріне тіркелу және қайта тіркелу үрдісін ұйымдастыру; - білім алушылардың жеке оқу жоспарының орындалуын бақылау; - білім алушылардың оқу жетістігін бақылау жүйесін ұйымдастыру; - білім алушылардың рейтінгісін есепке алу; - білім алушылардың барлық оқу жетістіктерін тіркеу; - студенттер туралы есептiк жазбалардың құпиялы және дәл болуымен қамтамасыз ету, білім алушылардың оқу жетістігін дәлелдейтін емтихан тізбелерін сақтау; - сессияның академиялық көрсеткіштерін, қорытынды аттестация нәтижелерін талдау; - оқытушылар және эдвайзерлермен өзара байланыс; - академиялық қарыздарды, оқу жоспарларындағы айырмашылықтарды қайта тапсыру, қосымша оқыту қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жазғы семестр ұйымдастыру; - СМЖ ИСО 9001:2008-дің талаптарына және оқытудың кредиттік технологиясына сәйкес оқу құжаттарын жүргізу; - ҚР БҒМ-не, университеттің әкімшілік қызметкерлеріне, оқытушылар мен білім алушыларға толық әрі дәл ақпарат жеткізу.
|