қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.02.2020

«Жемқорлық - суретшілер көзімен» плакаттар байқауы

 

2020 жылы 29 қаңтар - 4 ақпан аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-да Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Тоққожа Қожағұлов және Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің, студенттер кәсіподағы ұйымының қолдауымен «Академиялық адалдық» Кодексіне негізделген «Жемқорлық - суретшілер көзімен» плакаттар байқауы өтті.

 

Іс-шараның мақсаты - университеттегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және оған қарсы күрес, сыбайлас жемқорлық және оның қоғамның дамуына тигізетін зияны туралы білімдерін тереңдету.

Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында аталған көрмеге ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен университет ректоры Такир Балықбаев қатысты. Көрме «Көркем білім» кафедрасының меңгерушісі Ержан Рысымбетов пен оқытушы Базар Ырыстанұлының ұйымдастырумен өтті.

 

2020 жылдың 4 ақпаны күні көрменің жабылу салтанатында университетіміздің ректоры Такир Балықбаев арнайы сөз сөйлеп, жеңімпаздарды марапаттады.

 

Аталмыш байқауға жалпы 24 білім алушы қатысып, 20 жұмыс ұсынылды. Байқауға комиссия төраға ретінде ҚР мәдениет қайраткері Бахытхан Мырзахметов, комиссия мүшелері: ӨМжСИ директоры Тоққожа Қожағұлов, «Дизайн» кафедрасының меңгерушісі Ерболат Кисимисов, «Парасат» орталығының директоры Қамбар Усипов және Студенттер кәсіподағы ұйымының төрағасы Ержан Оразбаевтың шешімдерімен: I-ші орынды 1 курс студенті Әбиолла Балнар (жетекші - Мәлік Қайдаров), II -ші орынды 2 курс студенті Ақтолқын Нұрдаулет (жетекші - Ержан Рысымбетов), 1 курс студенті Бақыт Ғалымжанова (жетекші - Базар Ырыстанұлы), III-ші орынды 1курс магистранты Айгерим Онбаева (жетекші - Гүлнара Бекова), 5 курс студенті Псарева Алина (жетекші - Гүлнар Бахретдинова), 1 курс студенті Қымбат Ақпарова (жетекші - Бағыбек Манасов) иеленіп, арнайы дипломдармен және сыйақымен марапатталды.

 

Байқауға қатысу арқылы магистранттар мен студеттер шығармашылыққа қызығушылығын арттырып, патриоттық тәрбиеге баулу, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білу, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер арасындағы қарым-қатынаспен жемқорлықтын алдын алу, шығармашылық ой талғамдарын қағаз бетіне бейнелеп көрсету арқылы өзін-өзі дамытуға мүмкіндік алды. Байқау өте жоғары деңгейде өтті.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

«Көркем білім» кафедрасы