Негізгі бет
Жаңалықтар
05.02.2020 Сакраменто - Калифорния мемлекеттік университетімен халықаралық жоба
Абай атындағы ҚазҰПУ Сакраменто - Калифорния мемлекеттік университетімен (АҚШ) бірлесе отырып «Дәлелдемелер мен ұйымдық мәдениетке негізделген мұғалімдерді даярлау» халықаралық жобасын жеңіп алды.
Жобаның мақсаты - халықаралық серіктестікте дәлелденген жетілдіру тәжірибесін ескере отырып, оқытушыларды даярлау бағдарламаларының тұрақты кәсіби желісін құру.
Басты кезеңдер: 1. Екі оқу орны ресми бақылауларды, оқытушылармен, қызметкерлермен және студенттермен терең сұхбаттасуды қолдана отырып, мәдениаралық этнографиялық зерттеуді дамытатын болады. Зерттеудің мақсаты мұғалімдердің сапалы дайындығы туралы айтылған болжамдарды, сондай-ақ олардың халықаралық танылған алдыңғы қатарлы тәжірибелерге сәйкестігін немесе сәйкес еместігін анықтау болып табылады. Жұмыс гипотезасы - бұл ұйымдастырушылық мәдениеттің кейбір элементтері күшейтілген, ал басқалары дәлелдемелер негізінде мұғалімдерді оқытудың озық тәжірибесін жүзеге асыруға кедергі келтіреді. 2. Консорциум екі семинар өткізетін болады - бірі Сакраменто Университетінде (Калифорния, АҚШ), екіншісі өзге де оқытушыларды дайындау бойынша аймақтық институттардың қатысуымен Абай атындағы ҚазҰПУ-да. Семинарлардың мақсаты - жоба аясындағы ұйымдастырушылық жұмыстарға қатысты зерттеулердің нәтижелерімен және озық құралдарды қолдануға ықпал ететін тәжірибелермен алмасу.
2. 2020 жылдың жазының басы. ҚазҰПУ командасы (өтінім бойынша 3 адам) Сакраменто университетіне зерттеу жобасын жасау үшін барады. 3. 2020 жылдың күзі. Зерттеу топтары өздерінің мекемелерінде дала жұмыстарын жүргізеді. 4. 2021 жылдың көктемі. Деректерді талдау және екі семинар. 5. 2021 жылғы маусым. Тарау мен аударма жазу.
Жобаның үйлестірушісі - Сапаргалиева Баян, Халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөлімінің бастығы |