қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
06.02.2020

Интернаттағы шаралар

 


 

Мектебіміздің интернат тәрбиешілерінен құралған Педагогикалық әдістемелік бірлестігі 2018 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің Педагогика кафедрасы және университет студенттерімен бірігіп жұмыс жасауда.

 

Осы жұмыстар аясында 5-ақпан күні интернатымызда бірқатар шара өткізілді.

 

Интернаттың кинозалында 7, 8-сынып тәрбиешілері Максутова Г.Ж, Сетербаева А.Д. және ҚазҰПУ студенттерінің ұйымдастыруымен «Кім жүйрік?!» зияттық ойыны өткізілді. Балаларды жан-жақты ойлауға, дамуға жетелейтін мұндай ойындар қазіргі кезде өте қажет. Тек бір бағыттағы, бір саладағы сұрақтармен салыстырғанда интелектуалды ойындар оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытатыны анық. Сол себептен де бұл сайыс оқушыларға қатты ұнады. Сайыс барысында оқушыларға әртүрлі бағыттағы сұрақтар қойылды. Оқушылардың білімдерінің, ұтқырлық, тапқырлықтарының арқасында ойын қызықты әрі тартысты өтті. Балалар қызықты кездесулердің алда көбірек өткізілуін сұрады. Тәрбиешілер мен студент-тәлімгерлердің ұйымдастыруымен осындай сайыстар әлі де өткізілетін болады.

 

Ал келешек ұрпағымыздың жан-жақты болуға, жарқын болашаққа сеніммен қадам басуға, рухани адамгершілікке тәрбиелеу барысында ортақ жұмыс жасау мақсатымен 2-қабатта орналасқан кітапханада Телебаева Л.С, Айтуарова М.Б. тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен "Физика математика және информатика" факультетінің 2-курс студенттері мен "Жаңалық жаршысы" және "Жас Дарын" үйірмелері кездесу өткізді. Кездесу студенттер мен үйірме мүшелерінің танысуына сонымен қатар бірлесе атқаратын жұмыстардың жоспарын талқылауға арналған. Студенттер мен оқушылар таныса отырып, бірнеше ойын түрлерін ойнап, уақытты қызықты әрі тиімді өткізді.

 

"Сырғалым", "Жаңалық жаршысы", "Қазақтың 100 әні" атты интернат үйірмелеріміз де 2-курс студенттерімен бірігіп 4-қабаттағы коворкинг залында шара ұйымдастырып өткізді. Ондағы мақсат - рухани адамгершілік тәрбие бағытында өзара тәжірибе алмасып, келешек ұрпақтарымызды тәрбиелеу барысында ортақ жұмыс жасау. Шара 10 сынып тәрбиешілері Слямова А.Ш., Меделова С.Д. және Нусипова Ш.Ш. жүргізуімен студенттер мен интернат тәрбиеленушілердің танысуымен, алдағы аптаға жасалатын жұмыстардың жоспарын талқылауымен басталып, студенттерге қойылатын талаптар мен жасалатын жұмыс бағыттарының белгілеуімен аяқталған.

 

Педагогикалық әдістемелік бірлестігі мен Абай атындағы ҚҰПУ-нің Педагогика кафедрасының ынтымақтастығының өсуіне, осы үрдістерге белсенді түрде үлес қосқан студент бауырларымыздың педагог ретінде дамуларына тілектеспіз!

 

06.02.2020 ж.

Ақпарат көзі: almaty.fizmat.kz